Хасанның есебі. Əкесінің əлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Хасен есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен. "Анасының ұлы Хасанға қарызы: Дүкеннен сөмке тасығаны үшін - 550 теңге, хаттарды поштаға салғаны үшін - 300 теңге, жақсы бала болғаны үшін- 1500 тенге, гүлдерге су құйғаны үшін - 900 теңге - барлығы - 3250 теңге ". Анасы столдың үстіне 3250 теңге қалдырып кетеді. Кешке Хасан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты: "Хасанның анасына қарызы: Үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін - ештеңе. Он жыл ішінде ішіп- жегені үшін - ештеңе; ауырған кездегі бағым - күтімі үшін- ештеңе; жақсы ана болғаны үшін - ештеңе - барлығы- ештеңе". Қағазды оқыған Хасан қызарып кетіпті. Сонан соң жүгіріп келіп анасын құшақтап, кешірім сұрап, ақшаны анасына қайтарып беріпті.

Теги других блогов: ана қарыз Хасан