Иманды қыз.
Халифа Омардың кезінде сүт сатушы сүтке су қосып сатуға тыйым салынады. Қаланың тәртібін бақылау үшін бір күні түнде халифа Мадина қаласын аралап жүріп, қатты шаршайды да біраз тынығып алу үшін бір үйдің қабырғасына сүйеніп отырады. Сөйтіп отырып ол үйдің ішіндегі анасы мен қызының əңгімесі естиді.
-Қане, қызым, тұрып сүтке су қос.
- Халифаның сүтке су қосып сатуға тыйым салғанын естімеп пе едіңіз?
- Естідім.
- Онда Халифа тыйым салған нәрсені қалай орындаймын?
-Тұр да сүтке су қос. Омар сені көріп тұрған жоқ қой.
- Омар көрмесе де, Аллаһ көріп тұр ғой, мен Омардың көзінше жасамайтын ісімді ол жоқ жерде де жасмайтыныма ант етем.
Хазіреті Омар мына əңгімені естіген соң үндемей үйіне қайтады да аз күннен соң, дініне берік, иманы түзу бұл кедей қызын өзінің баласы Асымға айттырып, алып беріпті. Сол сияқты əр бір адам өз əрекеттерін өзгелер көрмесе де Аллаһ көріп тұрғанын мойындап, шынайы сенуі керек. Аллаһтың алдындағы жауапкершілік қана адамды жамандықтан қайтарып, жақсылыққа бастайды.